Атырау облысында 2029 жылға дейін 35 инвестициялық жоба жүзеге асырылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz
24.kz мәліметінше, жоба құны 6,6 триллион теңге болады деп жоспарланған. Жаңа кәсіпорындар ашылған жағдайда 4 жарым мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Отандық өнім түрлері көбейеді. Қазір өңірдегі қолайлы инвестициялық ахуал шетелдік компаниялардың жоғары қызығушылығына ие.
Озық технологияға негізделген бұл кәсіпорын құрғақ құрылыс қоспасының 6 түрін шығарады. Былтыр 40 мың тоннаға жуық өнім алған. Өндіріс орны өңірді ғана емес, елді отандық құрылыс материалдарымен қамтып отыр. Артылғаны шетелге сатылады.
2024 жылы шығарылған өнімнің 85 пайызы ішкі нарықты қамтамасыз етсе, 15 пайызын біз экспорттап жатырмыз. Атап айтатын болсақ, Қырғызстан еліне жөнелтіп жатырмыз. Болашақта ойымызда Түрікменстан, Өзбекстан елдері бар. Орталық Азия елдеріне экспорттауды қарастырып отырмыз, – дейді кәсіпорынның сыртқы сауда жөніндегі менеджері Серік Мүсен.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз