Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жапония Премьер-Министрінің арнайы өкілі Акихиса Нагашиманы қабылдады, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-жапон стратегиялық серіктестігінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық алаңдардағы ынтымақтастықты талқылады.
2025 жылы бірлескен іс-шараларды дайындауға, оның ішінде Астанада «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммитін ұйымдастыруға ерекше назар аударылды.
Министр Қазақстан Азиядағы маңызды әріптес болып табылатын Жапониямен екіжақты өзара іс-қимылды дамытуға зор мән беріп отырғанын атап өтті. Осыған байланысты барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындық расталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз