Робототехника чемпионатына қатысуға 20 команда өтініш білдірді
Алматыда робототехника мен мультидрондар чемпионаты өтті
Видеодан скриншот
632
оқылды

Алматыда робототехника мен мультидрондар чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24.kz тілшісінің хабарлауынша, аталмыш сайыс (Digital Almaty) Диджитал Алматы форумы аясында өтті. Оған қоса шара барысында, мульти дрондар бәсекеге түсті. Ең үздік команда әлем чемпонатына қатысады. Жалпы биылғы цифрлық форум, өнер-кәсіптегі түбегейлі өзгерістер мен жасанды интеллектінің ықпалына арналды.

Робототехника чемпионатына қатысуға 20 команда өтініш білдірді. Бәрі аймақтарда үздік шыққандар. Осалы жоқ. Мүшелері 7-8-сыныптан бастап оқитын балалар. Олар жоғары технологиялық роботтар құрып, күрделі инженерлік тапсырмаларды орындайды. Биылғы тақырып суасты әлеміне арналды. Яғни робот өзен-көлдердің түбін қоқыстардан тазалауы шарт.