Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай және Зайсан аудандарында жаңа әуежайлар бой көтереді.
Қатонқарағай мен Зайсанда жаңа әуежайларды кімдер салатыны белгілі болды
istockphoto.com
2,087
оқылды

Құрылыс жұмыстарын «ҚазАэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жүргізеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Қазір әуежай құрылысына дайындық басталған.

«Жобалау және құрылыс жұмыстары «ҚазАэронавигация» кәсіпорнына тапсырылды. Әуежайлар 2026 жылға дейін толық пайдалануға берілуі тиіс. Алғашқы кезеңде ұзындығы 2 200 метр, ені 35 метр жасанды ұшу-қону жолағы салынады. Бұл Q400, ATR 42/72, CRJ200 ұшақтарын қабылдауға мүмкіндік береді», – деді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, болашақта туристер саны артса, ұшу-қону жолағының ені 45 метрге, ал ұзындығы 2600 метрге дейін кеңейтілуі мүмкін. Бұл Airbus A320, Boeing 737 секілді кең фюзеляжды ұшақтарды қабылдауға мүмкіндік береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.