Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова оқырмандарын орамал күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Орамал – тек баскиім емес, ол сенімің мен таңдауыңды қорғау жолындағы рухани күрес. Қоғам пікіріне қарамастан, өз жолыңда табанды болу – нағыз батылдық пен адалдықтың көрінісі.
Барша аруларды Орамал күнімен құттықтаймын! Орамалың – сенің ар-намысың мен иманыңның айнасы. Ол жүрегіңе тыныштық, өміріңе береке сыйласын!Орамалға келе алмай жүргендерге Алла алтын тәж бұйырсын!», – делінген әнші жазбасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.