Оқиғаның мән-жайы әлі анықталған жоқ.
«Хиджаб киген»: Алматы облысында күзде жоғалған қыз өлі табылды
istockphoto.com
2,390
оқылды

Lider.kz еріктілерінің күшімен былтыр күзде із-түзсіз жоғалып кеткен Алматы облысы тұрғынының денесі табылды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

«1994 жылы туған Хамит Айша Мұратбекқызы 26 қарашада үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Ол Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылындағы Наурыз көшесі, 6-үй мекенжайында тұрған» , – делінген еріктілердің Instagram-дағы парақшасында.

Ерекше белгілері: бойы – 160 см, дене бітімі – арық, шашы – қара және ұзын, көзі – қоңыр. Соңғы рет оны қара қысқа күртеше мен ашық түсті хиджаб киіп кеткені күйі көрген.

Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.