Бесқарағайлық альпинист Жәмилә Баширова әлемдегі ең қатал әрі суық құрлық – Антарктиданың ең биік нүктесі Винсон массивіне (4 892 м) көтерілді, – деп хабарлайды Aıkyn.kz.
1980 жылы Абай облысы Бесқарағай ауданының Большая-Владимировка ауылында дүниеге келген Жәмилә бүгінде Алматы қаласында тұрады. Ол сүт өнеркәсібінде технолог болып жұмыс істейді.
«Айналасы үш жыл ішінде Жәмилә әлемнің әйгілі шыңдарына көтеріліп, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Оған Еуропаның ең биік нүктесі – Эльбрусқа (5 642 м), Оңтүстік Американың ең биік шыңы – Аконкагуаға (6 962 м), сондай-ақ Қырғызстандағы Ленин шыңына (7 134 м) екі мәрте шығуға мүмкіндік туды. Ал өткен жылы 6 119 метр биіктіктегі Лобуче мен әлемнің ең биік нүктесі – Эверест шыңына (8 848 м) шықты», – делінген Алматы облысы әкімдігі хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.