Ақтау электр желілері басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz порталына сілтеме жасап.
2 ақпан күні сағат 10:48 шамасында 34-шағынауданның тұрғындары электр қуатының өшкеніне шағымданды.
«Бүгін таңертең жарық сөніп қалды. Соңғы уақытта мұндай жағдай жиілеп кетті», – деп шағымданды тұрғындар.
«АЭЖБ» мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының хабарлауынша, ақауды жою үшін арнайы топ оқиға орнына жіберілген.
«34, 38 және 39-ықшамаудандарда электр қуаты жартылай үзілді. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады компания.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.