Тележүргізуші, белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы жасөспірімге қатысты заңсыз әрекет жасады деп айыпталған әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты өз ойын бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Alash.kz ұлттық порталына сілтеме жасап.
«Алмас туралы… Шыққан жерін білетіндіктен, анасын, алған тәрбиесін көргендіктен, өз басым жамандыққа қимаймын. Рас болса, қашып кетпесі анық, жауапқа тартылады. Өтірік, жала жабылған болса, 17 жастағы бала ата-анасымен бірге кешірім сұрап, іс жабыла сала ма? Ал айрандай төгілген Алмастың абыройы ше?», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Осыдан бірер күн бұрын Алматыда 40-қа таяған ер адам полицияға жеткізілгенін еске саламыз. Кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жұмыстары басталды. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, күдікті – белгілі әнші Алмас Кішкенбаев.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.