Ішкі істер министрлігі халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау және ұстау жұмыстарын жалғастырып келеді.
Алматылықтарды ақшаға алдап, елден қашқан азамат Мәскеуде ұсталды
istockphoto.com
302
оқылды

Мәскеуде алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы қазақстандық азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Ол 2023 жылдың сәуір-қазан айлары аралығында Алматыда жергілікті тұрғындардан қымбат смартфондарды сату сылтауымен алып, кейін ізін суытқан. Соңында жеті адамды алдап, 32 млн теңгеден астам шығын келтірген», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ресейдің Люберцы қаласында Шымкент полициясы шетелдік әріптестерімен бірлесіп, 36 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ол 2014 жылы шымкенттік тұрғынға тиесілі жер учаскесін заңсыз сатып жіберген. Жәбірленушіге 14 мың доллар көлемінде шығын келген.

ІІМ мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері Қазақстаннан тыс жерлерде 11 қылмыскер анықталып, бәрі ұсталды. Ал біздің ел аумағында басқа мемлекеттердің сұранысы бойынша 44 қылмыскер қолға түскен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.