Ақтауда өткен ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас сарбаздарын ант қабылдау рәсімі ерекше оқиғамен есте қалды.
Ақтауда әскери ант қабылдау кезінде оралдық сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметі
2,985
оқылды

Ұлттық ұлан сарбазы Артур Сәрсенғалиев әскери ант беру рәсімінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазақпаратқа» сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 200-ден астам жауынгер Отан алдында ант берді. Олардың ішінде Орал қаласының тумасы Артур Сәрсенғалиев үшін бұл күн ерекше маңызды болды. Ол салтанатты шара кезінде сүйіктісі Гүлназға көпшіліктің алдында тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасады.

«Иә!» – деп жауап берді Гүлназ еш ойланбастан.

Бұл сәт жиналған жұрттың жүрегіне жылылық сыйлады.

«Әскери ант қабылдау – әр сарбаз үшін маңызды кезең. Ал дәл осы күні сүйіктіме ұсыныс жасап, оның келісімін алу – мен үшін үлкен бақыт. Гүлназ менің өмірімдегі ең қымбат жан. Енді мен тек Отанға ғана емес, оған да адал болуға уәде беремін», – деді Артур толқып тұрып.

Осылайша, жас жауынгер маңызды шешім қабылдап, сүйіктісімен бірге жаңа өмірге қадам басты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.