Автокөлік тез жанатын материалдан құралатындықтан, 4-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді.
Бүгін үш автокөлік өртенді - ТЖМ
ТЖМ
691
оқылды

Бүгін ТЖМ құтқарушылары үш автокөліктегі өртті сөндірді, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Атап айтқанда, Жетісу облысында бір көлік және Астанада 2 жеңіл автокөлік жанды. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ хабарлауынша, автокөлік тез жанатын материалдан құралатындықтан,  4-6 минут ішінде толығымен жанып кетеді. Сондықтан құтқарушылар көлік салонында ұнтақты өрт сөндіргішті ұстауға кеңес береді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз