Ақтауда полицейлер көшеде төбелес ұйымдастырған мектеп оқушыларын анықтады, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Полиция департаменті.
Оқиға кезінде екі жасөспірім төбелескен, ал үшінші бала оларды видеоға түсірген.
Полицияның мәліметінше, төбелеске қатысқан екі жасөспірімнің де ата-анасына әкімшілік шара қолданылды. Сонымен қатар полиция оқиғаны видеоға түсірген баланың да заңды өкілдерін жауапқа тартты.
Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың тәрбиесі мен мінез-құлқын мұқият қадағалауға шақырды. Сондай-ақ жасөспірімдердің төбелеске баруы әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін екені ескертілді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз