Түркістан облысының жаттықтырушылары бұл тізімде көш бастап тұр
Республика бойынша 278 бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген
istockphoto.com
523
оқылды

Жалған дипломмен жұмыс істеген бапкерлер әшкереленді, деп хабарлайды Аikyn.kz порталы Аlmaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Өткен жылы тренерлік және спорттық қызметпен айналысқан 278 адамның жалған диплом қолданғаны анықталды. Оның 9-ы басшы, 248-і жаттықтырушы және 21-і басқа да қызметкерлер. Мұны Антикордың ресми өкілі мәлімдеді.

"Мұндай фактілердің басым көпшілігі Түркістан (44), Атырау (30), Алматы (26), Жамбыл (22) және Ақмола (20) облыстарында анықталды. Қабылданған шаралар аясында 250 адаммен еңбек келісімшарттары бұзылды. Қалғандары бойынша жұмыстан босату мәселесі тергеу нәтижелері бойынша шешіледі", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.