«Сардар» арнайы жасағы Дубайда өтіп жатқан «SWAT Challenge» халықаралық жарысына қатысты
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздары әлемдік жарыста бірінші орын алды
Видеодан скриншот
538
оқылды

Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар» арнайы жасағы Дубайда өтіп жатқан «SWAT Challenge» халықаралық жарысында ел қоржынына тағы алтын жүлде салды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

24.kz  телеарнасының мәліметінше , әлем біріншілігінің екінші күні де отандастарымыз үшін олжалы болды.

Сардарлар құрамасы шартты түрде лаңкестер қолына өткен нысанға шабуыл жасап, кепілге алынғандарды дер кезінде босатты. Арнайы операция бас-аяғы 1 минут аралығында орындалуы шарт еді. Біздің жігіттер осы көрсеткішті межелі уақытқа жеткізбей, жылдамдық танытты. Қорытынды нәтиже: 53 секунд. Жарыс күнінің соңында «Сардар» құрамасына алтын медаль мен 5 мың доллар қаржылай сыйақы табысталды.

Айта кеткен жөн, бұл сында екінші орын да қазақстандық «Арыстан» арнайы жасағына бұйырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз