Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Жолаушы такси жүргізушісін соққыға жықты
istockphoto.com
1,259
оқылды

Ақмола облысында InDrive такси қызметінің жүргізушісі клиентінен зардап шекті, деп хабарлайды Аikyn.kz  порталы Zakon.kz  сілтеме жасап

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 47 жастағы ер адам құқық қорғау органдарына арыз түсірген.

«Жәбірленуші такси қосымшасы арқылы тапсырыс қабылдап, клиентті межелі жеріне апара жатқанда, жолаушы жүргізушінің рұқсатынсыз көлікте шылым шеккен», — дейді полиция өкілдері.

Клиенттің бұл әрекетіне жүргізуші ескерту жасаған, бірақ жолаушы агрессивті реакция білдіріп, сөзге келген. Жүргізуші жағдайды ушықтырмау үшін автокөлікті тоқтатып, жолаушыдан түсуін сұраған. Алайда, ол түсудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап, соққыға жыққан.

Қазіргі таңда күдіктінің жеке басы анықталды. Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесіне сәйкес заңды шаралар қабылданады.