Тележүргізуші Дина Төлепберген қызғаныш туралы пікір білдірді, – деп жазды Аikyn.kz.
"Менің ойымша, қызғанатын еркектер, ол – өзіне сенімсіз еркектер. Өйткені басқа бәсекелес келгеннен кейін "мен бәсекелестікке төтеп бере алмаймын" деп, алдын ала "Ешқайда барма", "шықпа" дейді. Енді ол абьюзердің тактикасы. Ал өз-өзіне сенімді, комплекстері жоқ, өзін ары қарай дамытқысы келетін еркек қызғанбауы тиіс. Несіне қызғанады?", - дейді Дина Төлепберген.
Тележүргізушінің бұл сөзі желіде қызу талқыға түсті. Оқырмандарының бір бөлігі оның пікірі дұрыс десе, енді бірі өз жарын қызғанбаған ер-азаматты намыссыз деп атаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram