Актер Instagram желісіндегі парақшасында бейнежазба жариялады.
«Сушиден уланып, өмірден өтті»: актер Рамазан Амантай өзі туралы жалған ақпарат таралғанын айтты
Фото: видеодан кадр
16,169
оқылды

Актер Рамазан Амантай өзі туралы «Сушиден уланып, өмірден өтті» деген ақпаратты жоққа шығарды, – деп жазды Аikyn.kz.

Актер Instagram желісіндегі парақшасында өзінің аман екенін айтып, бейнежазба жариялады. 

"Желіде мен жайлы жалған ақпарат тарап жатқанын естідім. Уайымдап, қолдау білдіріп жатқан жандарға шын жүректен алғыс айтамын. Алаңдамаңыздар, менде бәрі жақсы. Бұл ақпараттың шындыққа еш қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеймін. Айтпақшы, бір жылдан астам уақыттан бері суши жемегенімді ескерсем, мұндай қауесеттер тіпті күлкілі көрінеді. Сондықтан уайымдамаңыздар, өздеріңізді күтіңіздер. Аман болыңыздар, 100 жасаңыздар және абай болыңыздар, сушиден уланып қалмаңыздар", - деп жазды актер парақшасында. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ramazan Amantay (@ramantay)