Ер адам пәтерге кіре алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген.
Ұлытау облысында төрт жасар бала құтқарылды
Фото: ТЖМ
566
оқылды

Жезқазғанда Сарыарқа көшесі бойында орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде атасы есікті сырттан жауып шыққанда, немересі ішінен  құлыптап, қайтадан аша алмай қалған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ТЖМ мәліметінше, ер адам пәтерге кіре алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Құтқарушылар автосатының көмегімен төртінші қабатқа көтеріліп, балкон арқылы ішке кірді. Олар баланың амандығына қол жеткізгеннен кейін атасын үйге кіргізді. 

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.