Төртеуі де оқиға орнында тіл тартпай кеткен.
Шығыс Қазақстанда жол апатынан төрт адам қаза тапты
istockphoto.com
745
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында «Күршім-Қалжыр» тасжолында жол апаты болып, салдарынан  төрт адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 1 ақпан күні болған. Белгілі болғандай, Lada Granta және Hyundai Santafe маркалы автокөліктері соқтығысқан.

– Жол апаты салдарынан Lada Granta жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады, – делінген ақпаратта.

Осы ретте тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, алыс жолда барынша абай болу қажет екенін ескертеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.