Ұлттық банк 3 ақпанға арналған ресми валюта бағамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бүгінгі ресми бағам бойынша доллар – 518,14 теңге, еуро – 537,57 теңге, рубль – 5,27 теңге.
Астанадағы валюта айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағасы – 518 теңге, ал сату құны – 524 теңге. Еуроны сатып алудың орташа бағамы – 532 теңге, сату бағасы – 539 теңге. Рубль бағамы 5,2-5,3 теңге аралығында.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа құны – 519,67 теңге, сату бағамы – 522,17 теңге. Ал еуроны сатып алудың орташа бағасы – 534,38 теңге, сату құны – 539,62 теңге. Рубльді сатып алу бағасы – 5,16 теңге, ал сату құны – 5,25 теңге.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.