Бұл туралы “ҚазАвтоЖол”-дың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысындағы автожолдарда көлік қозғалысы шектелді
416
оқылды

Батыс Қазақстан облысындағы бірнеше жол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

2025 жылғы 3 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар мына автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:

  • "Ақтөбе-Орал" автожолының 195-248 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Жымпиты ауылына дейін);
  • "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 4-72 шақырым аралығы (Орал қаласынан Тасқала ауылына дейін);
  • "Орал-Тасқала-РФ шекарасы" автожолының 375-492 шақырым аралығы (Ақжайық ауылынан Орал қаласына дейін).

Жолды 2025 жылғы 3 ақпан сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.