Ербол Бекмұхамбетов Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz аталған институттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа басшыны ұжымға Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Нұрлыбаев пен Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры М.Шоранов таныстырған.
Ербол Жасұланұлы Бекмұхамбетов 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «педиатр дәрігері» мамандығы, 2008 жылы Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Медицина ғылымдарының докторы, медицина профессоры.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмыс тәжірибесі – 25 жыл.
Соңғы жылдары, яғни 2024 жылдың шілдесінен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 5 ғылыми-техникалық бағдарламасының басшысы. Е.Бекмұхамбетовтің жетекшілігімен 4 медицина ғылымдары кандидаттарының диссертациялары қорғалып, 7 PhD докторларына ғылыми кеңесші болған. 170-тен астам мақаланың, 16 монография мен оқулықтың авторы.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.