Құтқарушылар өртенген үйден үш газ баллонын тапқан.
Абай облысында жеке тұрғын үй өртенді
179
оқылды

Өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Абай облысының Ерназар ауылында жеке тұрғын үй жанды. Құтқарушылар өртті жедел түрде сөндіріп, үйден үш газ баллонын алып шығып, жарылыстың алдын алған. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарды өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.