3 ақпаннан бастап NGDEM Global Limited жеке компаниясы "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kase.kz ақпаратына сілтеме жасап.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 27 қаңтарындағы шешімімен NGDEM Global Limited (Астана) жеке компаниясы "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданған.
KASE Директорлар кеңесінің бұл шешімі 2025 жылдың 3 ақпанынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан қор биржасындағы KASE бір сағат бұрынғы саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,4 теңгеге жоғарылап, 521,6 теңге болды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.