2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда халық саны 20 286 084 адамды құрады.
Елімізде халық саны өсті
Фото: KAZSTAT
222
оқылды

Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, Қазақстан халқының саны 20 286 084 адамға жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, халық саны 20 286 084 адамды құрады. Оның ішінде: қала тұрғындары – 12 774 743, ауыл тұрғындары – 7 511 341.

«Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен – 235 078 адамға, көші-қон есебінен – 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%», – делінген хабарламада.

Миллионнан астам тұрғыны бар облыстар: Түркістан – 2,1 млн, Алматы – 1,5 млн, Жамбыл – 1,2 млн, Қарағанды – 1,1 млн.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.