Республика бойынша тұман, желдің күшеюі болжануда.
«Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады
Фото: istockphoto.com
7,774
оқылды

«Қазгидромет» алдағы үш күнге ауа райы болжамын жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты.

Алдағы үш күнде республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер қалыптастырады, қар, жаяу бұрқасын, батыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде, көктайғақ құбылыстары болжанады. Еліміздің оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз, температура қолайлы болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі болжануда.

Түнде ауа температурасының батыста -8...-13°C дейін, солтүстікте, орталықта -13...-21°C дейін, шығыста -15...-30°C дейін біртіндеп төмендеуі күтілуде.