Әлеуметтік желілерде Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіповтің зәулім үйі мен төрт әйелі бар деген ақпарат тарады.
«Садақаларың, міне, қайда кетіп жатыр»: Астана бас имамы зәулім үйге қатысты мәлімдеме жасады
Видеодан кадр
1,076
оқылды

Алайда имам бұл мәліметті жоққа шығарып, оның жалған екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Todayinfo  порталына сілтеме жасап.

Facebook пен TikTok-та белгісіз адам жалған аккаунт арқылы "Бұл – Астана бас имамының үйі" деген мазмұндағы видео жариялаған.

Осыған байланысты Ерболат Жүсіпов ресми мәлімдеме жасап, бұл әрекетті дін қызметкерлеріне қарсы бағытталған жала деп атады:

"Құрметті мұсылман жамағаты! Қазір әлеуметтік желілерде Ислам дініне және дін қызметкерлеріне күйе жағу үрдісі белең алды. Ондай адамдар шектен шықты деп айтуға болады. Алла оларға хидаят берсін. Желідегі бұл видео мүлдем шындыққа жанаспайтын ақпарат екенін қаперлеріңізге саламын", – деді имам.

Ерболат Жүсіпов қоғамды жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми дереккөздерге жүгінуге шақырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.