Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қолдау білдірді.
«Алла денсаулық берсін!»: әнші Алтынай Жорабаева 20 келі салмақ тастағанын айтты
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva
5,010
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева артық салмақтан арылып, сахнаға оралғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі декретте отырып, артық салмақ қосып алғанын мойындады.  

“Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келі болу. Алла денсаулық берсін! «Алтынай-ау, әнді қойдың ба? Неге сахнаға шықпайсың?” деген сұрақтарға жауабым: әнді, сахнаны қойған жоқпын. Алла қаласа, алда талай жоспарлар бар. Алтынайдың екінші демі ашылды”, – деп жазды әнші.  

Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қолдау білдірді.

 “Өте жинақы болып қалыпты”, “Керемет әнші, тек тез салмақ қосып алады”, “Сахна артық салмақты көтермейді”, “Қалай жүдеп кеткен”, – деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)