Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылындағы балабақшалардың бірінің тәрбиеленушілері астан уланған, – деп жазды Aikyn.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрігерлердің көмегіне 37 бала жүгінген.
"Жедел жәрдем қызметіне Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылы тұрғындарынан 31 қаңтар күні сағат 20:13 те шақыру түскен. Олар іш тұсының ауырсынуына шағымданған. Жедел жәрдем қызметкерлері тұрғындарды тексеріп шыққан. Дәрігердің көмегіне жүгінген 37 адамның төртеуі, бір ересек пен 3 бала ауруханаға жатқызылды. Қалғандары амбулаторлық ем алуға үйлеріне жіберілді. Қазір балабақша жабық. Құзырлы органдар тексеру жүргізіп жатыр", – делінген хабарламада.