“Жігіттер” тобының мүшесі, әнші Бағлан Әбдірайымов құмар ойынға тәуелді болған кезі туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші журналист Әйгерім Сейфоллаға сұхбат беріп, басынан өткен қиын кезең туралы айтты.
“Бір жарым жылдың ішінде күл-талқаным шығып кетті. Өткенде отырып есептесем, 500 мың доллардай кетіп қалыпты. Оның ішіне бүкіл қарызбен берген дүние-мүлкім, бәрін қосыңыз. Ал мен өзім үйде 45 мың доллардай жинаған адаммын ғой. Құмар ойынның адамға тигізетін залалы көп. Қаншама адамдармен әңгімелестім. Бірі отбасынан айырылған, бірі кәсібін тастаған. Қолдағы барын бағаламаған. Солардың әңгімесі маған әсер етті”, – дейді әнші.