Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, боран соғады: 4 ақпанға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto
1,354
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 4 ақпанда республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Астанада түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі, облыстың оңтүстігінде, орталығында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Семейде түнде және таңертең тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде аздап тұман болады, шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда да тұман түседі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Павлодарда да түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Қостанайда да тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда да тұман түседі.

Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері аудандарында екпіні – 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 25 градус қатты аяз болады деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оралда да көктайғақ, тұман болады деп болжанады.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Мұғалжар ауданында соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде аздап жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман болады. Атырауда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, 4-6 ақпанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 4-6 ақпанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі.

4-6 ақпанда Алматы облысынның оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Қонаевта да түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады.

Алматыда 4-6 ақпанда түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.