Бүгінгі ресми валюта бағамы қандай?
Доллар күрт қымбаттады:  4 ақпанға арналған валюта бағамы
Фото: kapital.kz
513
оқылды

Ұлттық банк 4 ақпанға арналған ресми валюта бағамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінгі ресми бағам бойынша доллар – 521,6 теңге, еуро – 534,27 теңге, рубль – 5,25 теңге.

Астанадағы валюта айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағасы – 520 теңге, ал сату құны – 526 теңге. Еуроны сатып алудың орташа бағамы  – 535 теңге, сату бағасы – 542 теңге. Рубль бағамы 5,17-5,29 теңге аралығында.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа құны – 521,3 теңге, сату бағамы – 523,9 теңге. Ал еуроны сатып алудың орташа бағасы – 537 теңге, сату құны – 541 теңге. Рубльді сатып алу бағасы – 5,21 теңге, ал сату құны – 5,231 теңге.

Айта кетейік, 3 ақпан күні қор нарығында бір доллар құны 518,14 теңге болған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.