Қонаев қаласында баррамунди және форель өсіру бойынша балық өнеркәсібі кешені ашылды.
Жылына 10 000 тоннаға дейін балық өндіретін кешен іске қосылды
Фото: gov.kz
152
оқылды

Жылына 10 000 тоннаға дейін форель мен баррамунди өсіруге маманданатын заманауи балық өнеркәсібі кешені құрылысының бірінші кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты. 

«Оспанова Девелопмент» компаниясы жобасының жалпы құны 67,3 млрд теңгені құрайды.

35 гектар жер учаскесінде кешеннің құрылысы 2021 жылы басталды. 2023 жылдың қазан айында 25 000 дана форель мен баррамунди шабақтарын сынақ ретінде алғашқы суға жіберу сәтті өтіп, 2024 жылы құрылыстың бірінші кезеңі аяқталды. Кешенге технологиялық, әкімшілік-тұрмыстық және инженерлік-техникалық блоктар кіреді. Әкелінетін балықты орналастыруға арналған бассейндер, сүзгі қондырғылары, инкубациялық резервуарлар, тірі жем өсіру цехтары, соның ішінде артемия мен коловраттар бар. Қуаттылықтың кезең-кезеңімен ұлғаюымен кешен жылына 10 000 тоннаға дейін балық өндіре алады. АШМ ақпаратына сәйкес, өнімді өткізудің негізгі нарықтары ҚР мен ТМД елдері болады деп күтілуде.