Биыл жыл басынан «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы «Болашақ» халықаралық бағдарламаның орталығы ресми парақшасында хабарлады.
Енді «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға қатысатын үміткерлер қажетті балл санын жинаса ғана, келесі турға өтеді. Қызығы, мемлекеттік қызмет аппаратын одан әрі жақсарту мақсатында «мемлекеттік қызметшілер» категориясы енгізілді. Енді оларға «магистратура» бағдарламасына қатысу үшін тіл курстарынан өту мүмкіндігі айтылған.
Бірақ бұл қандай тіл курстары, қай елде өтетіні көрсетілмеген. Егер де ағылшын тілі курсын магистратура үшін шетелде оқитын болса, мұндай мүмкіндік Қазақстанда да бар емес пе? Мемлекеттің қаражатын оған бола шашудың не қажеті барын түсінбедік. Тіпті, осы сауалдарымызға жауап алу үшін Жоғары білім және ғылым министрлігіне хат жолдаған едік.
Олар шетелде тілдік курстың өтуі қарастырылғанын растады. Қай тілде, қай елде өтетінін ашық айтпады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында мемлекеттік қызметшілер арасынан магистр дәрежесін алуға үміткерлер санаты бекітілді. Аталған санат аясында оқу тілі мен академиялық білім алу елінің ерекшеліктеріне байланысты Қазақстан Республикасында және шетелде тілдік курстардан өту қарастырылған. Сонымен қатар, «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру тәртібін реттейтін тілдік курстардан өту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер уәкілетті мемлекеттік органда әзірлену және бекітілу сатысында», – делінген Жоғары білім және ғылым министрлігінің хабарламасында.
«Болашақ» бағдарламасының қаулысында «Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі» деп жарияланған. Министрліктің «тілдік курстардан өту мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер уәкілетті мемлекеттік органда әзірлену және бекітілу сатысында» деуі қалай? Сонда әлі толық әзірленбеген дүние қолданысқа еніп кеткені ме? Мұны қалай түсінеміз?
АҚШ-тағы тілдік курстың өзі арзан емес. Бір-екі жекеменшік компанияға хабарласып, тілдік курстың бағасын білдік. Smapse education-нің өзінде тілдік курстың 90-нан астам түрі бар. Қандай елге, оның қай қаласына баратыныңыз былай тұрсын, тілдік курсты таңдаудың өзі оңай емес.
Ең алдымен, тілдік курс қандай оқу орынын таңдауына байланысты. АҚШ-та мектеп ішіндегі тілдік курстың бір апталық оқу құны 200-250 доллардан басталады. Шамамен 105 032-131 290 теңге болады. Оның тұратын жері, тамағы бар. Оған тағы 200-300 доллар қосыңыз. Бір ай немесе бір жылға есептесеңіз, біраз ақша шығады. «Болашақ» бағдарламасы былтырғы стипендианттардың ғылыми тағылымдамадан өтуге арналған шығыстар нормалары: ғылыми әдебиеттер сатып алуға, тұруы мен тамақтануына 25 760 000 теңге жұмсалған. Оның ішінде стипендия қосылмаған.
Ал айлық курс – 700 доллар, яғни 365 681 теңге. Оның үстіне сабақ жиі өтетін болса, оған да ақы қосылады. Егер кәдімгі жоғары оқу орындардағы тілдік курстың семестрі 4500 доллар, яғни 2 350 811,25 теңгеден басталады. Жылдық оқуды, оның тұратын жері мен тамағын есепке алмадық.
– Тілдік курстың бір семестрі 5 000 доллар. Бұл тек оқудың ғана ақысы. Тұруыңызға тағы сондай ақша кетеді. Егер қаласаңыз, шетелдік отбасында тұруға немесе студенттік жатақхананың ұсына аламыз. Мәселен, АҚШ-тың Лос-Анджелес штатында оқудың бағасы 4 800 доллар, ал тұратын жер 6240 доллар. Оның өзі екі адамға арналған бөлме, жеке тұрғыңыз келсе, қымбатырақ болады, – дейді Луиза есімді Get Education-нің менеджері.
Осындай екі жарым миллиондық курсқа 10 мемлекеттік қызметші барса, 25 миллион теңгеге шығады. Бұл жай ғана курстың төлемақысы. Мәселен, мемлекеттік сатып алулар реестрінен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2024 жылдағы шығынның өзі 343 миллион 288 мың 447,2 теңгеге шыққан. Ал биылғы жылдың бір ғана қаңтар айында 23 миллион 583 мың 187,8 теңге жұмсалған.
Мысалы, тапсырыс берушінің қызметкерлерін Астана қаласы шегінде 3 автобуспен үш маршрут бойынша таңертең және кешкі уақытта тасымалдау жөніндегі қызметтер үшін 15 781 392 теңге бөлінген. Дәл осы қызмет үшін 2024 жылы 15 миллион 377 мың теңге төлеген. Ал оған жүргізушісіз көлік жалдауы 4 199 999 қаржыға шыққан. Астанадағы кеңсені жалдауға жүз миллионнан аса теңге төлеген. Қала аралық байланыс 1 758 400 теңге болса, хат жеткізетін курьерлік қызметке 2 миллион 285 800 теңге бөлінген. Кешенді тестілеу өткізу арқылы үміткерлерді іріктеу кезінде бағалау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметке 10 миллион 970 мың жұмсалған.
Сіздерге салыстырмалы түрде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның 2024-2025 жылдардың қаңтар айының мемлекеттік сатып алулар реестріндегі ірі көлемдегі келісімшарттарды ұсынып отырмыз.
Атауы
|
Қаржы |
Күні |
Атауы |
Қаржы |
Күні |
Тапсырыс берушінің қызметкерлерін Астана қ. шегінде 3 (үш) автобуспен 3 маршрут бойынша таңертең және кешкі уақытта тасымалдау жөніндегі қызметтер |
15 781 392.00 |
05.01.25
|
Астана қаласында кеңсе үй-жайларын жалға алу
|
96 045 803.06 |
04.01.24
|
Ел ішінде және алыс және жақын шетелдерге жедел жөнелтілім және пошта жөнелтілімдерін жеткізу бойынша курьерлік қызметтер |
2 011 411.36 |
|
|
1 085 332.00 |
04.01.24 |
А4 форматындағы қағаз 500 парақ |
2 520 000.00 |
|
Ел ішінде және алыс және жақын шетелдерге жедел жөнелтілім және пошта жөнелтілімдерін жеткізу бойынша курьерлік қызметтер |
2 285 800.00 |
05.01.24 |
Xerox WorkCentre 3025 МФУ үшін қара тонер картриджі |
|
22.01.25
|
Электрондық шарттар жасасу үшін жүйені ұсыну жөніндегі қызметтер |
1 900 000.00 |
12.01.24
|
|
|
|
Прокторинг жүйесі қызметтері |
3 645 000.00 |
22.01.22
|
|
|
|
Тапсырыс берушінің қызметкерлерін Астана қ. шегінде 3 (үш) автобуспен 3 (үш) маршрут бойынша таңертең және кешкі уақытта тасымалдау жөніндегі қызметтер |
10 361 500.00
|
24. 01.24
|
|
|
|
Халықаралық және қалааралық байланыстарды және SIP телефониясын қамтамасыз ету. |
|
29.01.24 |
|
|
|
Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін ұсыну |
2 240 000.00 |
29.01.24 |
|
|
|
|
|
|
Сондықтан айтарымыз, мемлекеттік қызметшілер арасынан магистр дәрежесін алуға мүмкіндік беруіне еш қарсылық жоқ. Алайда осы санат аясында магистранттың шетелде тілдік курс оқуы ойға қона ма? «Болашақ» бағдарламасының ішінара ережесі қалай өзгерерін кім білсін, бірақ еліміздің кез келген маманы тілдік курс оқып, ағылшын тілін меңгеру үшін шетелге жіберу қаншалықты қажет?
*Доллар бағамы 4 ақпан күнімен есептелді.