Алматы облысының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы тағайындалды.
Алматы облысында жаңа тағайындау
Фото: gov.kz
351
оқылды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Асқар Тасболатұлы Тойшыбеков 2025 жылғы 4 ақпаннан бастап Алматы облысының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Асқар Тасболатұлы 1975 жылы туылған, білімі жоғары, 1999 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы техникалық институтын «өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы Алматы облысы Ішкі істер басқармасының Мемлекеттік өртке қарсы қызметі Текелі қаласының мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инженері қызметінен бастаған.

Әр жылдары Алматы облысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде, сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінде әртүрлі лауазымдарды атқарған. 2020 жылғы 18 қарашадан 2024 жылғы 26 қараша аралығында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.