Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына қазіргі жағдайы туралы сөз қозғаған.
«Екі апта ем алдым»: әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты
Фото: instagram.com/roza_alqozha
209
оқылды

Әнші Роза Әлқожа денсаулығы сыр бергенін айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына қазіргі жағдайы туралы сөз қозғаған.

"Екі апта ем алып, енді жазылып жатырмыз, тәуба! Бұрын өкпенің бұлай ауырғанын кім көрген?! Денсаулықтың қадірін білмейді екенбіз!.. Алда ән сапарлар. Жаңа альбом. Жаңа костюмдер", - деп жазды Роза Әлқожа Instagram желісіндегі парақшасында. 

Әншінің оқырмандары оған тезірек жазылып кетуін тілеп, қолдау білдірді. 

"Ем болсын, Алла шипасын берсін! Ғұмырың ұзақ болып, ән әлемінде шарықтай бер!", "Ауырмаңыз, ем шипалы болсын", "Денсаулығыңыз мықты болсын! Алдағы концерттеріңізге сәттілік тілеймін", - деп жазды желі қолданушылары.