Ауа райы нашарлап, бұрқасын соғып, көру мүмкiндiгiнiң шектелуiне байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесі жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жетісу облысында:
- «Үшарал-Достық-ҚХР шекарасы» Көктұма ауылы - Достық стансасы;
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-Ресей Федерациясы шекарасы» Үшарал қ. Абай облысының учаскесі.
Абай облысында:
- «Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» тасжолының Қайнар-Баршатас учаскесі;
- «Алматы-Талдықорған-Өскемен Шемонаиха-шекарасы» Жетісу облысына қарасты Таскескен жол учаскесі.
Халықты ескерту мақсатында «Дармен» мобильді қосымшасы арқылы ауа райының нашарлауы туралы СМС-хабарламалар таратылды.