Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады.
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Фото: akorda.kz
164
оқылды

Президентке Бүкіләлемдік сайлау күні аясында елімізде өткізілген іс-шаралар, 2024 жылғы электоралды кампаниялардың қорытындылары, ОСК қызметінің қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспары баяндалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа сайлау комиссиясының халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі бастамалары таныстырылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.