2024 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша елімізде қонақүй мен орналастыру орындарының саны 4 315 бірлікке жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Ал жалпы төсек-орын сыйымдылығы 18 мыңға ұлғайып, 226 мыңды құраған. Туризм саласының маңызды көрсеткіштерінің бірі – орналастыру орындарының саны мен олардың сыйымдылығы болып табылады.Жетісу және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысы мен Шымкент қаласында қонақүйлердің сыйымдылығы айтарлықтай өскен.
2024 жылдың 9 айында Қазақстандағы қонақүйлер, демалыс орындары, хостелдер және басқа да орналастыру орындары 224 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ға көп. 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындарында қызмет көрсету көлемі 175,7 млрд теңгені құраған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.