Ал іздеу салынған екі жасөспірім үйіне аман-есен оралды.
Шымкентте жоғалған 20 жастағы жігіт өлі күйінде табылды
Фото: istockphoto.com
633
оқылды

Шымкентте із-түзсіз жоғалған 20 жастағы жігіттің денесі табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz


Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.


«Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізілуде», – делінген ведомство хабарламасында.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін таксиге мініп, жоғалып кеткен екі адамның іздестіріліп жатқаны хабарланған еді. 20 жастағы жігіт Ордабасы ауданынан көлік жүргізу куәлігін алу үшін Шымкентке келген, алайда үйіне оралмаған. Оның телефоны да сөндірулі болған.

 

Ал іздеу жарияланған кәмелет жасына толмаған Арайлым мен Таннұр есімді жасөспірімдер аман-есен табылып, ата-анасына тапсырылды.