«Қазгидрометтің» хабарлауынша, келесі үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
8 ақпаннан бастап Ақмола облысында, солтүстікте, солтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктер ауа райын қалыптастырады, аздаған қармен бірге төменгі бұрқасын күтіледі, ал оңтүстік аймақтарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжануда.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтілуде. Ауа температурасының төмендеуі кезең-кезеңмен болады, батыста түнде –10-15°C, солтүстік-батыста –17-25°C, солтүстікте, орталықта –17-28°C, шығыс аймақтарында –18-35°C дейін төмендеуі күтілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.