Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы қолайсыздығына байланысты оқыс оқиғалардың алдын алу үшін сақтық шаралары туралы ескерту жариялады.
Ұшақ апатынан екі ұшқыш пен екі дәрігер  құтқарылды
Фото: видеоскрин ТЖМ
195
оқылды

Бүгін қатты боран кезінде Арқалық қаласынан 1,5 км қашықтықтағы әуежай маңында Қостанай – Арқалық бағытындағы АН-2 санитарлық авиация ұшағы қатты қозғалыспен қонуға мәжбүр болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. 

Әуе кемесінде төрт адам болған: екі ұшқыш және екі дәрігер. Оқиға туралы хабар түскеннен кейін Қостанай облысының ТЖД өрт сөндірушілері жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары күрделі ауа райы жағдайларына байланысты қиындықтар туғызған. Барлық іс-қимылдарды ТЖМ Командалық орталығы үйлестірген. Облыстық ТЖД мен Арқалық қаласында жедел штабтар құрылып, жедел желі жүйесі жұмыс істеді. Құтқарушылардың жылдам әрекеттерінің арқасында ұшақтағы адамдар аман-есен табылып, Арқалық қаласына жеткізілді. Жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Осы орайда Қазақстан ТЖМ тұрғындарға ескерту жариялады. Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтап, дауыл туралы ескертулерді қадағалау, жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру, алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.