Продюсер Гүлзира Айдарбекова құны 170 миллион теңге болатын үйінен айырылып қалған келіні, актриса Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты тағы пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz.
Продюсер Instagram-дағы парақшасында Қайрат Нұртастың 2013 жылы Қытайдың 17 қаласында берген концертін еске алып, видео жариялаған. Оның айтуынша, Қайрат Нұртас жақында Өзбекстан, Қырғызстанға барып, өнер көрсетеді.
Продюсерге оқырмандарының бірі "Өйтіп мақтанудың қажеті не, ұрпақтарыңыз пәтерден-пәтерге көшіп жүрсе, қиналып" деп келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың алаяқтарға алданып қалғанын меңзеп пікір жазған. Гүлзира Айдарбекова бұл пікірді назардан тыс қалдырмады.
"Үйді сіз алып бермейтін шығарсыз, айналып келгенде жағдай жасайтын біз ғой. Бүгін болмаса, ертең болар, алданса, күресіп шыңдалады, жас емес, күресіп көрсін, піссін, нәтиже шығарсын. Одан жаман болмайды, түбі қарап қалмаймыз, ұрпақ менікі. Сіз былықтырып, от үріп, жайыңызға кететін адамсыз. Сол үшін керексіз жерге мұрын тығып тіміскіленбеңіз. Өзіңізде бәрі жақсы болсын, елді мүсіркейтін Құдай емессіз. Біреудің отбасына есі кеткен түседі", - деп жауап берді продюсер.
Еске сала кетейік, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алаяқтарға алданып, үйінен айырылып қалғанын айтқан еді. Енді оны қайтарып алу үшін соттасып жатыр.