ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарағанды облысы:
«5 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1864 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін) көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады» - делінген хабарламада.
Жолды 6 ақпан сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Абай облысы:
2025 жылғы 5 ақпан сағат 19:30-да ауа райының бұзылуына байланысты "Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Боғас" автожолының 383-704 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қайнар ауылынан Аягөз қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 6 ақпан сағат 06:00-де ашу жоспарланған.
Шығыс Қазақстан облысы:
2025 жылғы 5 ақпанда сағат 22:30-да ШҚО-да ауа райының бұзылуына байланысты "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-254 шақырымы аралығында (Ушановское ауылынан Үлкен Нарын ауылына дейін)жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
6 ақпан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.