Үндістан мен Қазақстан астаналары арасында жаңа маршрут пайда болады.
Мамыр айынан бастап жаңа халықаралық әуе рейсі іске қосылады
Фото: gov.kz
438
оқылды

ҚР Көлік министрлігі  ұшу географиясын кеңейту және еліміздің әуетасымалдар нарығындағы шетелдік "лоу-кост" әуе компаниялардың үлесін ұлғайту бойынша жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды Aikyn.kz  сайты. 

5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астана қаласының халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен  Indigo Үнді "лоу-кост" әуе компаниясының басшылығымен кездесу өткізді.

Биылғы жылдың 14 мамырынан бастап  Indigo  әуе компаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуекемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.

Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады.

Сонымен қатар бұған дейін хабарланғандай, Air Astana қазақстандық әуе компаниясы осы жылдың 20 сәуірінен бастап Airbus үлгісіндегі әуекемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады.

Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтілуде. 

Қазіргі уақытта тұрақты әуеқатынасы Алматы – Дели (Air Astana – аптасына 7 рейс,  Indigo  – аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.