Оралда ер адам арбадағы кішкентай баласын жартылай еріген өзен бетіндегі толық қатпаған мұздың үстіне апарып, қараусыз тастап кеткен, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Желіде тараған видеоға назар аударсақ, әкесі сол уақытта балық аулап отырғанын көруге болады. Алайда өзеннің беті толық қатпаған, мұздың көп бөлігі еріп жатыр.
«Бұл не сұмдық? Адамдар ақылынан алжасқан ба? Арбадағы баланы мұздың үстіне қалдырып кеткен. Оның ата-анасы қайда қарап отыр?» – дейді видео авторы.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жетіп, баланы қауіпсіз жерге шығарды. Полиция мұндай әрекеттің аса қауіпті екенін ескертіп, тұрғындарды сақ болуға шақырды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты«Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз