Сәкеннің әйеліне белгісіз біреу телефон соғып, ескерту жасамақ болған.
«Сәкен мен Мәдина жүрсе, білдірмей жүрсін»: бәз біреулер Майғазиевтің әйеліне қоңырау шалған
24,626
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиев «1001 түн» бағдарламасына қонақ болып, өзі мен Мәдина Сәдуақасова туралы шыққан қауесетке жауап берді,  – деп хабарлайды Аikyn.kz.

«Жуырда әйеліме біреу хабарласып, «Сәкен мен Мәдина жүрсе, білдірмей жүрсін, әйтпесе, бұл не сұмдық?» депті. Жаны ашығансып, керісінше отқа май құйғысы келетіндер болады ғой. Бірақ әйелім ол адамның сөзін бірден кесіп тастады. «Мәдинаны да, бала-шағасын да жақсы білемін. Сәкеннен қарағанда Мәдинамен өзім көп сөйлесемін» дегенінде, әлгі кісі қоймай, «ешкімге білдірмей жүрмей ме?» деп айта берген. Сонда әйелім Динара: «егер жүрсе, білдірмейтін еді» деп әңгіменің нүктесін қойған», – дейді Майғазиев. 

Ол Мәдина Сәдуақасовамен тек достық қарым-қатынаста екенін атап өтті.

«Мәдинамен отбасылық достармыз. «Жақсыда жаттық жоқ» дегендей, студент кезімізде дос болдық. «Жас қанатқа» қатысқандардың барлығы бір әулеттің баласындай араласамыз. Біздің арамызда ешқашан әдеп бұзатын оғаш әрекет болған емес. Әйел адамға құрмет көрсету – менің өмірлік дағдым. Сатыдан түскенде, көліктен шыққанда, болмаса, ұшаққа мінгенде сүрініп кетпесін деп қолымды ұсынамын. Тойда немесе басқа жерде осы секілді сәттерде байқалып қалған шығармыз. Бірақ ең өкініштісі,  «бұлар ешқандай оғаш қылық көрсетпеген» деп айтатындар аз, ал өсекке сенетіндер көп», – деді әнші.