Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Шығыс Қазақстанда май зауыты өртенді (видео)
Фото: ТЖМ
328
оқылды

ШҚО Глубокое ауданына қарасты Предгорное ауылындағы май зауытында өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

– Предгорное ауылында май зауытының аумағында қабық пен шротты түйіршіктеу цехының қабықты шығару нориямында өрт шығып, түтін 4-ші мен 6-шы қабаттарға тарады. Күнбағыстың қабығы өртенді.

Объектінің қызметкерлері үй-жайдан уақытылы шығып кеткен. 

Шақырту орнына барған өрт сөндіру есептоптары қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша жұмыс істеді. 

50 шаршы метр алаңға тараған өрт сөндіріліп, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында объектінің негізгі жабдықтары құтқарылып қалды, – делінген ақпаратта.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.