Темекі бұйымдарының ірі партиясы анықталып, заңсыз тасымалдаудың жолы кесілді.
187 миллион теңгенің темекі бұйымдары тәркіленді
Фото: istockphoto.com
236
оқылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара жасағы ақпан айында Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде темекінің ірі партиясын, яғни 535 мыңнан астам қорап темекіні тасымалдау әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарсыз жеткізіліп тұрған.

Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады.

Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға жөнелтілген.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.